411,66 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында браконьерлерден 1 тонна балық тәркіленді

  • 564
  • UPD: 18:20, 26.12.2019
Қызылорда облысында браконьерлерден 1 тонна балық тәркіленді

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«2019 жылдың 25 желтоқсанында рейд барысында Қызылорда облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторлары Қармақшы ауданының аумағында УАЗ маркалы көлікті тоқтатып, заңсыз тасымалданған 1 тонна 153 келі балықты тәркіледі», – деп жазды орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында.

Табиғат қорғаушылары браконьерлерді Қармақшы ауданының полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы