428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда 2-сынып оқушысы менингококк инфекциясынан көз жұмды

  • 520
  • UPD: 20:48, 04.02.2020
Маңғыстауда 2-сынып оқушысы менингококк инфекциясынан көз жұмды

Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 2 жасар бала менингококк инфекциясымен ауыр халде түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қажетті медициналық көмек көрсетілген сәби қазір оңалып келеді. Осы аптада жансақтау бөлімшесінен жалпы емдеу бөлімшесіне ауыстырылуы тиіс. Бұл осы ауруханаға соңғы бір аптада менингококк инфекциясымен түскен екінші бала. Ал екінші сынып оқушысын дәрігерлер аман алып қала алмады. Аймақта ылғалдың жоғары болуына байланысты бактерияның тез өршуі байқалып отыр. Осыған орай дәрігерлер ауа арқылы тарайтын инфекциядан сақтанып жүрудің маңызды екенін айтады.

Гүлжан Ермекбаева, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы директоры орынбасары:

Өте ауыр жағдайда түсті. Шокты жағдайда келді. Менингококты инфекцияның өте жедел түрі. Тәулік ішінде баланың өліміне әкелді. Балаға шокқа қарсы емі басталды. Қарқынды емнің арқасында баланы сақтау мүмкін болған жоқ. Бір тәулікке дейін өлім-жітімге әкеліп соқтырды.

Хабар 24 телеарнасы