431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ұрлық жасаған апалы-сіңлілер ұсталды

  • 205
  • UPD: 11:23, 20.02.2020

Алматыдағы бірнеше сауда орындарында ұрлық жасаған апалы-сіңлілер ұсталды. Балаларын жетектеген сұғанақ қолды нәзік жандылар бір күнде 350 мың теңгенің тауарын қолды еткен. Балхаштан келген ұрыларды полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен тапты. Олар қылмыс жасағанын мойындады. Ал ұрланған заттар заңды иелеріне қайтарылды.

Қостанайда 51 жастағы әйелден ірі көлемде есірткі табылды. Нақтырақ айтсақ оның қалтасын қарау кезінде 77 грамм героин тәркіленген. Күдікті қамауға алынды. Оған есірткі затын ірі көлемде алып жүру дерегі бойынша іс қозғалды. Қылмыстық ісі дәлелденсе 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Мектеп оқушысы техникалық су жиналған шұңқырға түсіп кетті. Оқиға Теміртау қаласының 117-кварталында болды. Осы маңдағы су құбыры жарылып, мектептен үйіне келе жатқан 11 жастағы оқуышы белуардан суға түсіп кеткен. Оны көшедегі адамдардың бірі байқап,потрульдік полициядан көмек сұрайды. Оқушыны тәртіп сақшылары судан шығарып, жылытып, үйіне дін-аман жеткізді. 

Өткен жылы Қызылорда облысында 48 автокөлік отқа оранған. Бұл Қызылорда қаласы бойынша тіркелген өрт оқиғаларының 19 процентін құрайды. Ал жыл басынан бері тағы 7 автокөлікті қызыл жалын жалмады. Мамандар көбіне 2000 жылға дейін шыққан ескі көліктердің ақауы салдарынан жанып кетіп жатқанын айтады. Осыған орай төтенше жағдайлар басқармасы мамандары мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп темір тұлпар тізгіндегендерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Жасұлан Түйменов, қалалық ТЖБ бастығы:

- Автокөлік құралын басқару кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз, сонымен қатар автокөлікте өрт сөндіргіш құралының болуы мен электр сымдарының дұрыс күйде болуын қадағалауды еске саламыз. 

«Павлодар-Успенка» тасжолының 15-шақырымында «МАЗ» және «Ауди» автокөліктері соқтығысты. Жол көлік оқиғасы салдарынан «Ауди» автокөлігінің 3 жолаушысы мен жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Бүгінде жол көлік оқиғаының себебі анықтау және сараптама жұмыстары жүруде. 

Жамбыл облысында тағы да қарақұйрықты заңсыз атқан браконьерлер ұсталды. Сирек кездесетін аңдарды атуға құмар қаскөйлер бұл жолы Байзақ ауданының құмды аумағында қолға түсті. «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметінің мәліметінше олар түзтағысын ату үшін түнгі уақытты пайдаланған.Табиғат жанашырлары күдіктілер мінген көлікті тоқтатып, тексеру кезінде қарақұйрық текесінің денесі табылды. Сонымен қатар бір қос ауызды мылтық пен 4 оқ тәркіленді. 

Ерназарбек Жантаев, мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің бөлім басшысы:

- Машинаның соңында жүріп біздің ұстағанымыз бәрі видеоға түсті. Соның барлығы бар қолымызда. Өздері барлығы 4 азамат, қалай атқанын, кімнің атқанын, қай уақта шыққанын барлығын мойындап отыр. Ерекше қорғалатын - қызыл кітаптағы аңдар үшін бұл қылмыстық іс қозғалады.

Хабар 24 телеарнасы