429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда теракт ұйымдастырмақ болған күдікті ұсталды

  • 470
  • UPD: 17:05, 26.03.2020
Нұр-Сұлтанда теракт ұйымдастырмақ болған күдікті ұсталды

2020 жылдың 25 наурызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, нәтижесінде деструктивті діни ағым өкілін ұстады.

Ол «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт ұйымдастырмақ болған. Тергеу іс-қимылдары барысында күдіктіден қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылды. 

Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу жалғасуда.

Ақпарат көзі: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы