423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да екпінді желден бірнеше ғимаратқа зақым келді

  • 385
  • UPD: 08:18, 08.04.2020
СҚО-да екпінді желден бірнеше ғимаратқа зақым келді

Солтүстік Қазақстан облысы Булево қаласында дүлей дауылдан аудандық аурухананың шатыры құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше кешкісін мұнда желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетіп, үш қабаттан тұратын ғимарат төбесінің бір бөлігін жұлып әкеткен. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, жалпы аумағы  600 шаршы метр аумаққа залал келген. Бастысы, зардап шеккендер жоқ. Енді арнайы коммисия құрылып, жақын күндері шығын көлемі анықталады. Жалпы, өткен күні қатты жел өңірде  23 нысанның төбесін бүлдірген.

Хабар 24 телеарнасы