420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспийде заңсыз балық аулаған Әзербайжанның 4 азаматы ұсталды

  • 298
  • UPD: 11:35, 15.04.2020
Каспийде заңсыз балық аулаған Әзербайжанның 4 азаматы ұсталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 11 сәуірде балықты қорғаудың «Бекіре» кең көлемді акциясы шеңберінде Каспий теңізінің су айдынында заңсыз балық аулап жүрген Әзербайжан Республикасының 4 азаматын ұстады.

Тексеру барысында ұсталған тұлғалардан балық аулауға арналған құрал-жабдық, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді.

Тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «қару-жарақты, оқдәрі, жарылғыш заттар мен жарғыш құралдарын заңсыз алу, беру, қолға түсіру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» 3-бөлігі 287-бабы және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу» 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу шаралары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы