420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қонақ үй отқа оранды

  • 296
  • UPD: 23:10, 27.05.2020
Алматыда қонақ үй отқа оранды

Алматыда үш қабатты қонақ үйдің шатыры отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер апат орнына 7 минутта жеткен. Олар шұғыл қонақ үйдің аумағын қоршауға алып, алауды ауыздықтауға кірісті. «Алайда ғимараттың сыртқы қаспеті мен шатырында тез жанатын заттар тұрғандықтан жалынды дереу сөндіру қиындау болды», – дейді өрт сөндірушілер. Өрт бір сағатта сөндірілді. Оған 55 адам мен 16 арнайы техника жұмылдырылды. Зардап шеккен адамдар жоқ. Себеп-салдары анықталып жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы