431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда мотоцикл аударылып, ер адам көз жұмды

  • 348
  • UPD: 11:06, 29.05.2020

Құтқарушылар Қапшағай су қоймасында екі адамның өмірін арашалап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатты жел тынығушыларды қайығымен бірге көлдің ортасына қарай  әкеткен. Алматы-Бішкек тас жолында екі бірдей көлік өртеніп кетті.

Есірткі зертханасы анықталды

«Синтетика» өндірісіне арналған есірткі зертханасын Алматы полициясы анықтады. 30 жастағы ер адам ғаламтор көмегімен химиялық компоненттерді сатып алып, үйінде синтетикалық есірткі «мефедронды» шығарған. Ол өзінің улы өнімін ғаламтор арқылы өндірілгеннен кейін 150 грамм көлемінде өткізген. Заңсыз әрекеттерінің бүкіл кезеңінде 100-150 граммнан 3-4 партия жасап сатып үлгерген. Қара нарықта мұндай заттың бір граммы 15 мың теңгеге бағаланады. Күдіктіге қатысты тергеу шаралары Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Өнімді одан әрі бөлшек саудаға сатып алған адамдар анықталу үстінде.

Жағалауға жете алмаған екі адам құтқарылды

Қапшағай су қоймасында дауыл құрсауында қалып, жағалауға жете алмаған екі адам құтқарылды. Жапа шеккендердің айтуынша, олар қайықпен жүзіп жүргенде ауа райы күрт бұзылыпты. Қатты жел соғып, толқын көтерілген. Сөйтіп, жас жігіттерді ескекті қайығымен бірге көлдің ортасына қарай ағызып әкеткен. Тынығушылардың қас қарайғанша келмеуінен секем алған достары облыстық ТЖД хабарласып көмек сұраған. Құтқарушылар түн болып, толқын соққанына қарамастан іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қиын жағдайға тап болғандар жағалаудан 8 шақырым жерден табылды. Жалпы, жыл басынан бері сала қызметкерлері суға батқан 6 адамды құтқарған екен. 

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

– Алматы облысының аумағындағы ірі су қоймаларында 5 станционарлы құтқару бөлімшесі жұмыс істеуде. Сонымен қатар шомылу маусымы кезінде 4 мобильді құтқару  жасақтары шығарылады. Құтқару бөлімшелері барлығы керек жарақтармен жабдықталған. Қазіргі таңда барлық құтқару бөлімшесі күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Браконьерлер жауапқа тартылады

Биыл Каспий теңізінде заңсыз балық аулаған 98 браконьер ұсталған. Олармен келтірген шығын 85 млн теңгеден асып түседі. Шекара қызметінің іс-қимылы нәтижесінде табиғи тіршілік ортасына 4 мыңға жуық тірі балық және 43 итбалық жіберілді. Салынған айыппұл 2 млн теңгеге жуықтайды. 1 млрд теңгеден артық экологиялық залалға жол берілмеген. Қазір Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі акваториясында бекіре балығы көп мекендейді. Салдарынан браконьерлер осындай заңсыз әрекетке барады. Олар еліміздің тыс аймағына бекіре келісін 50-60 долларға сатып, пайдаға кенеледі екен.

Жол апатынан бір адам көз жұмды

Медеуге барар жолда мотоцикл аударылып, тізгіндегін ер адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, мотоцикл жүргізушісі алдында жүріп бара жатқан жеңіл көлікті басып озбақ болған. Сол кезде басқару жүйесіне ие бола алмай, ұшып түсіп басын асфальтқа соққан. Көргендер байкте отырған екі адамның да басындағы шлемі шешіліп қалған.

Хабар 24 телеарнасы