405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда итін қатыгездікпен өлтірген тұрғын жауапқа тартылды

  • 124
  • UPD: 18:28, 02.06.2020
Петропавлда итін қатыгездікпен өлтірген тұрғын жауапқа тартылды

Петропавл қаласының тұрғыны жануарға қатыгездік жасағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

29 сәуір күні Петропавлда жануарға қатыгездік жасау фактісі тіркелді. 45 жастағы қала тұрғыны итін төртінші қабаттан лақтырып жіберген. Полицейлерге бұл фактіні Хименко көшесіндегі үйдің тұрғындары хабарлаған. Оқиға дәл сол үйде болды. Полиция қызметкерлері келгенде көп қабатты үйдің терезесінің алдында өліп жатқан итті анықтайды. Өкінішке қарай, ветеринарлар көмекке келсе де, спаниельді құтқару мүмкін болмады.

«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (жануарларға қатігездік жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Иттің иесі, әйелдің мас болғандығы анықталды. 1 маусымда Петропавл қаласының соты оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды, бұл 27 мың теңгеден асады. Үкім күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде айыппұл төленбеген жағдайда, айыппұл қоғамдық жұмысқа немесе қамауға алуға ауыстырылады», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Е.Сембин.

Хабар 24 телеарнасы