418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ер адам балаларын құтқарып, өзі суға батып кетті

  • 228
  • UPD: 15:30, 08.06.2020
СҚО-да ер адам балаларын құтқарып, өзі суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам балаларын құтқарып, өзі суға батып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдай Ефимовка ауылы маңында болған. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, олар отбасымен жексенбі күні Есіл өзенінің рұқсат етілмеген жеріне барып демалған. Кенеттен шомылып жүрген 10 және 12 жастағы жеткіншектер суға кетіп, әкесі құтқарып қалды. Алайда, өзі судан шыға алмай қалған. Жалпы өткен демалыс күндері Қазақстан бойынша 8 адам суда мерт болды. Бұл ретте мамандар қауіпсіздік шараларын сақтап, тек арнайы белгіленген жағажайда шомылуға кеңес береді.

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Кеше ТЖБ қызметкерлері, полиция қызметкерлері және ауылдың тұрғындары ол денені іздеді. Бірақ таба алмағасын бүгін таңертең біз водолазды жібердік. Сағат 10:20-да денесі табылды. Қазір ол денені біз сот медициналық сараптамаға жібердік. Енді әрі қарай себебі анықталады.

Хабар 24 телеарнасы