421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда суға кеткен жігіттің денесі үш күннен соң табылды

  • 271
  • UPD: 16:07, 16.06.2020
Атырауда суға кеткен жігіттің денесі үш күннен соң табылды

Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен жігіттің денесі үш күннен соң табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күн бұрын суға кеткен жігіттің денесі бүгін, 16 маусымда сағат 07:15-те табылған.

Бұдан бұрын 27 жастағы жігіт 13 маусымда Жайық өзенінің Геолог кенті тұсындағы жағалауында достарымен демалған. Алайда арнайы жабдықталмаған жерде шомылып, суға батып кеткен. Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері оны үш күн бойы іздеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа батып кеткен жігіттің табылмай жатқанын хабарлаған едік.

Хабар 24 телеарнасы