460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сарыағашта бірнеше азық-түлік дүкені өртеніп кетті

  • 616
  • UPD: 09:56, 24.06.2020
Сарыағашта бірнеше азық-түлік дүкені өртеніп кетті

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында азық-түлік бутиктері өртеніп кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 маусым күні сағат 04:40-та Түркістан облысы Сарыағаш қаласында «Рамазан» суару каналының бойындағы жалпы аумағы 250 шаршы метр 9 азық-түлік бутигі өртеніп кеткен», - делінген комитет хабарламасында.

Өрт салдарынан жақын маңда тұрған «ГАЗель» маркалы автокөлік жанып кетті. Өрт сағат 06:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД күштері мен құралдары, кезекші жедел тергеу тобынан 36 адам мен 9 техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы