430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында базардан өрт шықты

  • 628
  • UPD: 16:59, 25.06.2020
Қызылорда облысында базардан өрт шықты caravan.kz

Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінің базарында шыққан өрт 2 мыңнан астам шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт бүгін «Ер-Нұр» базары аумағында орналасқан «Нұр» асханасында басталған. Жалын одан кейін асханаға жақын аумақтағы «Орынай», «Ақбота», «Арзан» сауда үйлері мен шаруашылық заттарын сататын «Баянсұлу» және екі азық-түлік дүкенін шарпыды.

«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 33 маманы 3 техникамен барды. Сондай-ақ өзге де сала мамандары келді. Жарақат алған және қаза болғандар жоқ. Өрттің шығуына басты себеп ретінде электр жүйесінің қысқа тұйықталуы қарастылып отыр», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.

Хабар 24 телеарнасы