Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында жедел жәрдем көлігі аударылып қалды.
Кезекті шақыртуға асыққан олар бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпекші болғанда, басты жолда келе жатқан өзге машина бүйірден соққан. Жылдамдықтың қатты болғаны сол, дәрігерлер мінген көлік төңкеріліп түсті. Жол апатынан 4 адам зардап шекті. Екі дәрігер мен жедел жәрдем жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне босатылған. «Ал «Тойота» көлігінің жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы бірқалыпты», – дейді дәрігерлер.