418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

  • 151
  • UPD: 17:49, 14.07.2020
Шымкентте өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Шымкентте көпқабатты үй тұрғындары шұғыл эвакуцияланды.

Бұған үйдің кіре берісінде тұтанған өрт себеп болды. Қолқаны қапқан өткір иіс барлық қабатқа лезде тарап, адамдар түн ортасында сыртқа ұмтылған. Олар тіпті киініп те үлгермеген. Кейбірі құжаттарын ғана ала шыққан. Оқиға болған жерге 3 техника мен жеке құрамның 11 жасағы келіп жетті. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Мадияр Жақсыбаев, Шымкент қалалық ТЖД басшысының орынбасары:

– Бөлімшелер келген сәтке дейін бірінші қабаттың кіре берісіндегі электр қалқаны отқа оранған еді. Өрт салдарынан тұрғын үйдің бірінші қабатындағы  баспалдақ алаңдарында қалың түтін болып эл қалқанының ішіндегі электр сымдарының  оқшаулағышы жанып кетті. Қауіпсіз жерге 25 адам көшірілді. Соның ішінде 5 бала бар. Өрт сағат  00:11 ауздықталды және 00:24-те толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. 

Сол күні кеште Шымкенттегі автокөліктің қосалқы бөлшектерін сататын ірі дүкен де отқа оранды. Оқыс оқиға кезінде 2 қабатты дүкеннің 75 шаршы метр болатын қалқасы өртенді. Кейін қызыл жалын қосалқы бөлшек сататын дүкенді де шарпыған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы