429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысындағы тасжолда бір адам қаза тапты

  • 323
  • UPD: 17:26, 29.07.2020
Қостанай облысындағы тасжолда бір адам қаза тапты

29 шілде күні таңғы сағат 6:00-де Қостанай облысындағы тасжолда жол апаты болды.

Бұл туралы alau.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

23 жастағы жүргізуші «Ауди» көлігімен Қостанай – Рудный тасжолында келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай аялдамаға соғылған.

Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Жол оқиғасына байланысты тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы