Суға шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 88 адам, оның ішінде 16 бала құтқарылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Арыс қаласының Қожатоғай ауылдық округінде Шөгірлі ауылынан 20 шақырым жерде Сырдария өзенінде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 1978 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстарын жүргізді. Ол 1 тамызда жабдықталмаған орында суға шомылу кезінде жоғалып кеткен. 2 тамыз күні таңертең ТЖД іздестіру тобы жоғалған адамды өзеннің қарсы бетіндегі жағалаудан тапты, ол жағалауда ұйықтап қалған көрінеді.
Сонымен қатар суға шомылу маусымы басталғалы (1 маусымнан 31 шілдеге дейін) 174 адам (2019 жылы 225), оның ішінде 53 бала (2019 жылы 75 бала) суға кетіп көз жұмды.
Ақтөбе – 18 (2019 жылы 11), Шығыс Қазақстан – 35 (2019 жылы 32) облыстарында суға батып кеткен адамдардың саны көбейгені байқалады.
27 шілде мен 2 тамыз аралығында 17 адам, оның ішінде 5 кәмелеттік жасқа толмаған бала суға батып көз жұмды.
Елімізде суға шомылуға рұқсат етілген 445 орын анықталды, 5260 ескерту белгісі орнатылды. Адамдардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке жағажайлардың 689 құтқарушы-жасақшыны оқытылды.
1 маусымнан бастап 16 мың рейд және патрульдеу жүргізілді, 4 557 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қоғамдық орындарда жүрі қағидаларын бұзу» ӘҚБК 440-бабы және «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабы бойынша 8,6 млн теңге айыппұл салынды.