420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде атысқандар ұсталды

  • 173
  • UPD: 12:03, 21.08.2020

Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде атысқандар қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары бейбіт күнде оқ атып, ойран салған үш күдікті ұстады. Полиция департаментінің мәліметінше, олар өз әрекеттерін мойындаған. Күдіктілерге қатысты қалалық сот қамаққа алу туралы шешім шығарды. Қазір оқиғаға қатысы бар өзге де тұлғалар іздестіріліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 10 тамыз күні шаһардағы халық ең көп жиналатын мейрамханада болған. Соның салдарынан екі адам жараланып, біреуі оқиға орнында көз жұмды. Ал, екінші адам ауруханаға жеткізілген.

Серік Ергешов, қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары:

- Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК 99-бабы адам өлтіру және ҚР ҚК 287-бабымен атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы