420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рудныйдағы автопаркте 10 автобус өртеніп кетті

  • 183
  • UPD: 09:18, 24.08.2020
Рудныйдағы автопаркте 10 автобус өртеніп кетті

Қостанай облысы Рудный қаласында автобус тұрағынан өрт шықты, деп хабарлады облыстық ТЖК баспасөз қызметі.

24 тамыз күні сағат 04:19-да Рудныйдың СПЧ-2 бөлімінің байланыс пунктіне «Рудный Автотранс» ЖШС аумағындағы өрт туралы хабарлама түскен.

Жолаушылар автобустары ашық алаңда өртке оранған. Өртке жақын жердегі автобустарды эвакуациялау туралы шешім қабылданып, қауіпсіз жерге 12 автобус көшірілді.

Өрт 05:02-де ауыздықталып, 05:10-да сөндірілді. Оқиға салдарынан 10 автобус өртенді, 2 автобусқа зақым келген.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы