426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы жол апаты: қарбыз тиелген КамАз аударылды

  • 173
  • UPD: 10:08, 03.09.2020
Қостанайдағы жол апаты: қарбыз тиелген КамАз аударылды

2 қыркүйек күні Қостанай аудандық полиция бөлімшесінде Рудный-Қашар автожолында 3 көліктің соқтығысқаны туралы дерек тіркелді.

Жол оқиғасы Ульяновка ауылынан 15 км жерде орын алған.

Мән-жайды зерттеу барысында Volkswagen Polo маркалы көліктің 51 жастағы жүргізушісі көлікті басып озу қауіпсіздігін ескермей, алдында жүріп келе жатқан КамАз-ды артқа тастау үшін қарама-қарсы келе жатқан Ford маркалы автокөлікпен соқтығысып қалды. Бұдан кейін Ford автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі КамАЗ-ға соғылды.

Оқиға салдарынан қарбыз тиелген (30 тонна) КамАз жол жиегіндегі жыраға аударылған.

Зардап шеккендер жоқ. Полицейлер түнімен КамАз-ды жырадан шығаруға көмектесті.

Хабар 24 телеарнасы