431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жол-көлік оқиғасы орын алды

  • 258
  • UPD: 17:55, 08.09.2020
Алматыда жол-көлік оқиғасы орын алды tengrinews.kz

Полиция департаментінде Алматы қаласының Әуезов ауданындағы жол апатына қатысты мәліметтер айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға орын алған жерде түсірілген видео Instagram желісіндегі @kris_p_almaty парақшасында пайда болды. Жазба авторы жаппай жол-көлік оқиғасы Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болғанын хабарлайды. Кадрларда машиналардың сынғаны байқалады. Олардың жанында жедел жәрдем қызметі бар.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, жаппай жол-көлік апаты бүгін, 8 қыркүйекте, сағат 13:20 шамасында болған.

Ведомство бойынша: «Mercedes жүргізушісі Төле би көшесімен батыс бағытта жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, жүріс бөлігінен шығып кетіп, тұрақта тұрған Toyota Caldina, KIA Optima, Toyota Aristo маркалы көліктерге соғылады. Бұдан соң Toyota Aristo көлігінің инерциясымен Mercedes көлігі Toyota Camry-мен соқтығысқан. Жол апатына кінәлі адам Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді», – деп мәлімделді.

Аталған фактіні Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеуде.

Хабар 24 телеарнасы