428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы тағы үш ауданда құс тұмауының белгілері анықталды

  • 108
  • UPD: 17:47, 21.09.2020

Ақмола облысындағы Атбасар, Астрахан, Егіндікөл аудандарында да құс тұмауының белгілері анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өлекселерден қан алынып, елордалық зертханаға сараптамаға жіберілді. Нақты нәтиже бірер күнде белгілі болады. Әзірге, жұқпалы ауру Жарқайың ауданындағы Шойындыкөл ауылында расталды. Елді мекенде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, карантин жарияланды. Ветеринарлардың айтуынша, облыс бойынша барлығы 320 үй құсы қырылған. Осыған байланысты мамандар ауруды таратпау және алдын алу жұмыстарын бастап кетті.

Базарбай Бұлашев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

– Облыс бойынша мониторинг жасап, қай ауылдарда көлде бар, соның есебімен 510 мың доза вакцина сұрап отырмыз. Бұл вакцина сәрсенбі күні келіп қалуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы