428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жеті бөлмелі үй өртеніп кетті

  • 161
  • UPD: 15:07, 28.09.2020
Павлодар облысында жеті бөлмелі үй өртеніп кетті

Павлодар облысында жеті бөлмелі үй өртеніп кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Бүгін түнгі 03:01-де Павлодардың Кенжекөл ауылы Южная көшесі 5/1 мекенжайынан өрт туралы хабарлама келіп түскен.

«Жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын 7 бөлмелі кірпіштен салынған жеке үйдің шатырының ағаш конструкциялары, жиһаз, үй заттары толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер келгенше 6 адам өз бетінше эвакуацияланды, оның ішінде 3 бала болды. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Ербол Теміров.

Сондай-ақ 04:25-те Ақсу қаласындағы Астана көшесі 101 мекенжайында шаруашылық аула аумағында 40 шаршы метр кірпіш сарайы мен ағаш жапсаржай шатырының ағаш конструкциялары өртенген. Сарай ішінде 0,1 тонна шөп, 4 тонна көмір болған. Өрт сөндірушілер 1 газ баллонды шығарды. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы