428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарындасы түрмедегі ағасына телефонды бауырсаққа жасырып бермек болды

  • 132
  • UPD: 10:46, 07.10.2020

Қызылордада қарындасы қамауда отырған ағасына бауырсаққа жасырып, телефон бермек болды. Сәлемдемені тексеру кезінде түзеу мекемесінің қызметкерлері нан ішіне фольгаға орап салынған «Nokia» маркалы ұялы байланыс құралы мен қуаттағышын тәркіледі.

8 жылға бас бостандығынан айырылған бауырына тыйым салынған зат беруге талпынған азаматшаға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша іс қозғалды. Құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық әкімшілік сотқа жолданды. Соңғы аптада осындай 3 оқиға анықталып отыр. Аяқ киім ішіне телефон тығып өткізбек болғандардың да жолы кесілді. Жалпы жыл басынан бері жасырын немесе сыртқы қоршаудан асыра лақтырып, абақтыға заңсыз зат жеткізу бойынша 15 дерек тіркелген.   

Шәймерден Есенгелдиев, облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:

- Оның ішінде 7 дерегі есірткі затына байланысты болса, 8 дерегі ұялы телефон алып өтпек болған. Барлығы ҚР ӘК 481-бабына сәйкес қаралып, айыппұлдар мен ескертулер тағайындалды. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қарасты 3 мекеме бар. Оларда қазіргі таңда мыңға жуық сотталғандар мен тергеудегі азаматтар жаза мерзімін өтеуде.

Хабар 24 телеарнасы