420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда жеке тұрғын үйде газ жарылып, екі адам өлім аузынан қалды

  • 120
  • UPD: 22:16, 24.11.2020
Таразда жеке тұрғын үйде газ жарылып, екі адам өлім аузынан қалды

Таразда жеке тұрғын үйде газ жарылып 11 жастағы бала зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеткіншектің денесінің біраз жерін күйік шалған. Қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, анасы мен баласы бірнеше күн үйде болмаған. Ал үйіне оралғанда жағымсыз иісті сезіп, газ шығып тұрған саңылауды іздей бастайды. Осы тұста бала бөлменің жарығын қосқан. Салдарынан жарылыс болып, үйдің күл-талқаны шықты.

Ермек Момбаев, облыстық ТЖД бастығы:

- Өрт оқиғасы болмаған. Ол жарылыс газдың жиналуынан болуы мүмкін. Газ шыққан соң ба, сонысын білмей отырмыз ғой. Бірақ газ қолданылмаған. Ішіне күнделікті қолданылатын пеш қосылмаған. Егесін біз көре алмадық. Көршілердің айтуы бойынша осыдан бір-екі күн бұрын газ кірген дейді. Оны енді тергеу анықтап біледі. Арғы жағы не болғанын. Сондықтан толық ештеңе айта алмай отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы