387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан мен Қазақстан арасында соңғы 5 айда сауда-саттық 30 пайызға ұлғайған

  • 772
  • UPD: 20:35, 23.03.2017

Бұл мәлімет бүгін Ақордада айтылды.

Елімізге екі күнге мемлекеттік сапармен келген өзбек Президенті Шавхат Мирзиёевпен Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жоғары деңгейдегі кездесулер өткізді. «Қазақстан өзінің стратегиялық серіктесі, көршісі әрі бауырласы – Өзбекстанның халқына бақ-береке тілеп, өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіреді». Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін осылай деді. Өзбекте «көршің тыныш болса - сен тыныш, көршің бай болса - сенің дәулетің артылады», деген сөз бар. Өзбекстанның жаңа басшысы құдайы көршімен жақынырақ танысу үшін қазақ жеріне арнайы келді. Достығымыздың тамыры тереңде болғанымен талқылайтын тақырып, ақылдасар дүние көп. Шығыс дипломатиясының иірімі мол. Президенттер кейде хаттама шартын ұстана бермейді. Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлеміне тән құндылықтарды аттап өтпей, Ұлыстың ұлы күнінде елімізге келген мәртебелі қонағын барлық сән салтанатпен қарсы алды. Өзбекстан - Қазақстан үшін географиялық тұрғыда көрші, саясатта серіктес, ал, тегімізді қаза жөнелсек, туысқан жұрт. Қос мемлекетті ортақ тарих, дін мен діл, ел мен жер табыстырады. Әлемдік геосаясатта Орталық Азия деп танылған аймақтың ауасын бірге жұтып, суын бөле ішіп отырмыз. Кезінде, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Кəрімов мәңгілік достық келісімін де бекіткен еді. Жиырма жылдан бері түрлі сипатта жалғасып, терең сызат түспеген бұл қарым-қатынас әлі де беки түспек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мына біздің Ұлыстың ұлы күні бәріміздің ортақ мерекеміз Наурыз мейрамында келіп отырсыз. Сіз Президент болып сайланғалы тұңғыш мемлекеттік сапарыңыз. Сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сізге зор денсаулық пен үлкен табыстар тілейміз. Біз туысқан ел ретінде Өзбек халқының Өзбек мемлекетінің үлкен жетістікке жетуін қалаймыз.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

- Өткен жылдың қыркүйек айында Самарқанға келгеніңізде Қазақстан мен Өзбекестан мəңгі дос, қуанышымыз бен қайғымызда бір-бірімізге демеу болатынымызды айтып кеткен болатынсыз. Қайғыдан қабырғасы қайысқан өзбек халқы осы сөздеріңізден қуат алды, нағыз дос пен бауырдың қолдауын сезінді. Əріптес қана емес, досыңыз болған еліміздің тұңғыш президенті Ислам Кəрімовтың рухына тағзым ету үшін арнайы келгеніңіз біздің қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге көтерді. Соңғы бес айда арамыздағы байланыс жаңа қарқын алды. Менімен бірге Астанаға Өзбекстанның 250 кәсіпкері келді. Олар бизнес форумға қатысады. Бұл сіз бен Ислам Кəрімов салған сара жолды жалғауға ұйытқы боларына сенімдімін.

Қос елдің көшбасшылары әрі қарай келелі кездесуді кеңейтілген құрамда өрбітті. Рас, Өзбекстанмен ортақ дүниелеріміз көп болғанымен, екі елдің сыртқы саясаттағы ұстанымдары сəйкес келе бермейді. Ресми Ташкент қашаннан халықаралық ұйымдардан қашқақтайды, бір кіріп, бір шығады, қырық құбылады. Ал қазір сарапшылар Мирзиеевтың əр қадамын бағып, түрлі болжам жасайды. Өзбекстан Президентінің ынтымақтастық құрылымдарына көзқарасын дәл айту қиын, ал Қазақстанмен экономикалық мүмкіндіктерді мейлінше пайдалануға мүдделі екенін бірден ашып айтты. Және екі ел арасындағы алыс-беріс, барыс-келісті еселей түсу үшін барлық жағдайды жасауға әзірмін, - деді Мирзиеев. Бұл тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде жүзеге асып келе жатқан үрдіс екенін растады Елбасы. Туысқан елдің жаңа басшысы тізгінді ұстаған 5 айдың ішінде екі елдің арасындағы сауда-саттық 30 пайызға жоғарылаған. Енді осы қарқынды үдете түсу қажет. Сол себепті де екі елдің кәсіпкерлеріне орайластырылған бизнес форумға екі тараптан 500 бизнесмен қатысып, құны 1 млрд доллар көлеміндегі 75 жуық бірлескен келісім шартқа қол қойылатындығын да атап өтті. Тақылеттес жағдай тарихта болмағанын ескерген абзал. Демек мүмкіндіктер көкжиегі кеңейе түспек. Жалпы қазақ пен өзбектің бір-біріне берері де, алары да аз емес. Тек қиюын келістірсе болғаны.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Стержнем двусторонних взаимоотношений является торговля и экономика. Астана и Ташкент занимают место ведущих торговых партнеров друг для друга в Центральной Азии. Несмотря на снижение конъюнктуры рыночных цен в 2016 году на 9%, в физическом выражении наша торговля выросла на 16%. На сегодня в Казахстане представлены около 800 действующих предприятий с участием узбекского капитала. С удовлетворением отмечаю, что с момента нашей с вами предыдущей встречи Самарканде двусторонние контакты существенно активизировались. Созданы торговые дома по разным направлениям развития, продвигается сотрудничество в промышленной, транспортной, энергетической, космической, туристической отраслях. Можно подчеркнуть, что только отдельный транзитно-транспортные наши контакты за это время - это скоростное железнодорожное сообщение Алматы-Ташкент-Алматы, новые авиа и автобусные рейсы между городами двух стран.

Əлеуеті қарайлас екі елдің арасында əуелден бері су ресурстары, энергетика мәселелері бойынша бірқатар шешілмеген түйіткілдер бар еді. Бүгін президенттер бұқаралық ақпарат құралдарына берген бірлескен мәлімдеме барысында осы тақырыпты да қаузап, қай салада болсын шешімін таппастай, қиын мәселе жоқ десті. Керісінше ауылы аралас, қойы қоралас елдердің халқына барынша жағдай жасалып отырғаны айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Для активизации контактов были рассмотрены перспективы проведения межрегионального форума сотрудничества. Особое внимание мы уделили переговорам вопросов водно-энергетического комплекса. Еще раз подтвердили, что водные ресурсы трансграничных рек Центрально Азии являютя общим достоянием и мы с полным пониманием относимся наших братских соседей о желании использовать воду и мы готовы в этом принимать участие. Но без ущерба для всех других стран, находящихся в нижних течениях этих рек. От разумного использования этой воды зависят судьбы десятков миллионов людей стабильность, благополучие в нашем регионе, а значит укрепление дружественных отношений и доверия между нашими странами. Надо отметить, что именно в марте в эти дни впервые открыто железно-дорожное сообщение скоростного поезда Алматы-Ташкент. С большим удовольствием и аншлагом люди начали ездить друг к другу. Авиасообщение открыто 3 рейса из Ташкента, Алматы-Ташкент-Астана. Автобусное и автосообщения для туристов. Это все оживляет не только отношение, но и экономику.

Орталық Азияда 70 миллион халық бар десек, соның басым бөлігі - қазақ пен өзбек. Қос ел өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті, сауда-саттық пен халықтың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ететін негізгі мемлекеттер. Сондықтан ресми Астана мен Ташкенттің сөзі бір жерден шықса, ұстанымдары сәйкес келсе, аймақтық мүддеде есеміз кетпесі анық. Тараптар сондай-ақ, Арал теңізіне алаңдаушылық білдіріп, алдағы уақытта тиісті шешімдер қабылданатындығын алға тартты. Елбасы сондай-ақ, Өзбекстан жастарын Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға шақырды. Ресми статистикаға сүйенсек, Өзбекстанда 1 млн астам қандастарамыз тұрса, бізде 500 мыңға жуық ала шапанды ағайын берекелі де мерекелі өмір кешуде. Осы орайда мәртебелі мейман Қазақстан Президентіне деген шексіз ризашылығын білдірді.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы. Осы мүмкіндікті пайдалана отыра сіздің қонақжайлығыңыз бен бүгінгі нәтижелі кездесулер үшін шексіз алғысымды білдіремін. Біз екі жақты дамудың тетіктерін талқыладық. Сондай-ақ, терроризіммен күрес, есірткі және  жаһандағы түрлі қауіп-қатерлердің алдын алуға мән бердік. Бізде екі елдің әлеуетін арттыруға барлық мүмкіндік бар. Демек алда атқарар шаруа көп. Бұл ретте Өзбекстан тарапы Экспо көрмесіне белсене араласатын болады.

Қазақстан мұнай өнімдерін қара және түсті металын, ұн мен жармасын жеткізіп берсе, Өзбекстан табиғи газ, мақта талшықтарын, құрылыс материалдарын шекарадан бері қарай өткізеді. Осы орайда екі ел басшылары стратегиялық әріптестік және достық байланысты ынталандыра түсу үшін бірлескен декларацияға қол қойды. Бұл ретте екі елдің түрлі ведомстваларыда тиісті құжаттарды бекітіп, қажырлы да жүйелі еңбек етуге уағдаласты.

Авторлары: Елдар Бақпаев, Ануар Тәуекелев.

Хабар 24 телеарнасы