386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана процесінде бекітілген меморандум Сириядағы дағдарысты реттеуге оң ықпал етеді

  • 459
  • UPD: 17:51, 05.05.2017

Маңызды құжат сұрапыл соғыстан көз ашпаған халыққа гуманитарлық көмек көрсетуге де жағдай жасайды.

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингі барысында «Парасат» жүйелі зерттеулер институның директоры Нұрсұлтан Ахмедия хабарлады. Сарапшылар Ресей, Түркия және Иран мемлекеттерінің делегациясы Сирияда бірнеше қауіпсіз аймақ құруға уағдаласқанын тілге тиек етті. «Оқ атуды тоқтатуды бақылаудың үшжақты механизімін құру жөнінде келісімге келу – үлкен  жетістік», – дейді жиында сөз алғандар.

Бұл ретте Астана процесінің  Сириядағы қан төгісті тоқтату жолындағы шоқтығы биік. «Осы арқылы еліміз халықаралық саясатта өзін әділ менеджер ретінде таныта білді», – дейді сарапшылар.  

Нұрсұлтан Ахмедия, «Парасат» жүйелі зерттеулер институның директоры:

-Осыған дейін Астанадағы келіссөздердің 4 кезеңі өткізілген болатын. Онда біз тараптардың қақтығысты бейбіт жолмен шешуге мүдделі екендігін көріп отырмыз. Қазақстан сириялық қақтығыс мәселесін бейбіт жолмен шешу керектігін әуелден-ақ айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы