380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Серджио Буркхарт: Әуежайға Тұңғыш Президенттің есімін беру – уақытылы қабылданған шешім

  • 477
  • UPD: 17:21, 22.06.2017

Әуежайларды көрнекті тұлғалардың есімімен атау - әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан бар үрдіс.

Мысалы, Италияның ең ірі әуе айлағы саналатын Римдегі халықаралық әуежай ғалым, суретші және өнертапқыш Леонардо да Винчидің есімімен аталады. Ал Генуя әуежайына Колумбтың, Венецияның әуе айлағына Марко Полоның аты берілген. Аты аталған адамдардың бәрі - Италия тарихында өшпес із қалдырған тұлғалар. Италиялық сәулетші Серджио Буркхарт осылай дейді. Оның айтуынша, Тұңғыш президент есімінің әуежайға берілуі дер кезінде қабылданған шешім.

 Серджио Буркхарт, сәулетші: 

- Бұл алдымен саяхатшылардың қызығушылығын туғызады. Себебі, қазақ еліне келген меймандар бірінші болып әуежаймен танысады. Айлақтың атауы арқылы әр адам ел тарихын білуге құштар болары сөзсіз.  Сондықтан өз мемлекетінің дамуы мен көркеюіне өлшеусіз үлес қосқан кісінің есімі берілгені қисынды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы