384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдағы қазақтардың өтініштерінің жиілеуіне байланысты ҚР СІМ ҚХР-мен консультация жүргізіп жатыр

  • 607
  • UPD: 18:01, 28.11.2017
Қытайдағы қазақтардың өтініштерінің жиілеуіне байланысты ҚР СІМ ҚХР-мен консультация жүргізіп жатыр ҚР СІМ

Қытай Халық Республикасындағы этникалық қазақтардың түрлі мәселелер бойынша өтініштерінің жиілеуіне байланысты Қазақстан және Қытай дипломатиялық ведомстволары қазақ диаспорасының мәселелерін талқылау үшін жүйелі түрде консультациялар өткізуде.

27 қарашада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов ҚХР Елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті және Астанадағы ҚХР Елшілігінің консулдық бөлім басшылығымен қазақ диаспорасына (ҚХР азаматтары) байланысты мәселелерді шешу жолындағы ынтымақтастық жөніндегі консультациялар өткізілді. 9 қарашада Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (вице-министр) Ли Хуэйлаймен кездесті.

Үстіміздегі жылдың соңына дейін ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Үрімжі қаласына ҚХР Шынжаң Ұйғыр автономиялық ауданы және ҚХР ШҰАР Сыртқы істер басқармасы басшылығымен кездесу мақсатымен, сондай-ақ ҚР СІМ Паспорт және визалық қызмет инспекциясын жасау үшін жұмыс сапарымен барады.

Сонымен қатар желтоқсанда Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Камалдиновтың Бейжің қаласына күн тәртібінде ҚХР қазақ диаспорасының мәселелері қамтылатын ҚР-ҚХР Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің және екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар отырысын өткізу мақсатында жұмыс сапары жоспарланған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес шетелдегі қазақ диаспорасына қатысты мәселелер ҚР СІМ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады және екіжақты келіссөздер мен Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басқа елдердің тиісті органдарымен кездесулерінің күн тәртібіне жүйелі түрде енгізіледі.

Хабар 24 телеарнасы