386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


The Hill: Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиямен ынтымақтастығы үшін маңызды роль атқарады

  • 428
  • UPD: 13:01, 24.01.2018

Қытай және Ресеймен шектесетін Қазақстан - Еуразиядағы маңызды мемлекет.

Сондықтан ол АҚШ-тың Орталық Азия өңірімен ынтымақтастығын нығайтуда шешуші роль атқарады. АҚШ-тың The Hill саяси газеті Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың өткен аптадағы кездесуін осылай қорытындылап отыр. Басылым беттерінде «Қазақстан тәуелсіздік  алғалы ауыз толтырып айтатындай жетістіктерге жетті» деп жазылған. Онда сондай-ақ еліміздің ядролық қарудан бас тарту үлгісі Сириядағы зорлық-зомбылықты азайтуға бағытталған Астана процесі ерекше атап өтілді.

«АҚШ Қазақстанның өзге жоспарларымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүшелік етіп, сөйтіп, экономикасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу бастамасын да құптайды».  

Мақала беттерінде Дональд Трамптың АҚШ Президенттері арасынан алғашқы болып, Қазақстанға сапар шегу мүмкіндігі жайлы жазылған. Онда «егер Ақ үй басшысы Еуразияның қақ ортасында орналасқан мемлекетке ат басын тіресе, бұл америкалықтар үшін Орталық Азиядағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы маңызды қадамдардың бірі болары сөзсіз» делінген.

Хабар 24 телеарнасы