384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте архив материалдарын электронды нұсқаға көшіру туралы заң жобасы мақұлданды

  • 474
  • UPD: 15:48, 24.01.2018

Қазақстанда мемлекеттік архив қызметтерінің ақылы түрін көбейту ұсынылды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Мәдениет және спорт министрі мәлім етті.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, ақылы қызметтердің қатарына тақырыптық, генеалогиялық сұраулар, архив құжаттарының депозитарлық сақталуы жатады. Бұдан бөлек архивтегі материалдар да электронды нұсқаға көшірілмек. Осындай өзгерістер қамтылған құжат жобасын мәжілісмендер бірінші оқылымда мақұлдады. Мамандар заманауи жүйе - ақпаратты іздеу, сұрыптау жағынан тиімді екенін тілге тиек етті. Дегенмен, депутаттар құжаттарды түрлі жағдайлардан қорғау керектігін назарға салды. Сондай-ақ алдағы уақытта түрлі себептермен жойылып кеткен құжаттарды сақталған көшірмесі арқылы қайта қалпына келтіру көзделуде. Жоба авторларының айтуынша, бұл өзгерістер мемлекет тарапынан қосымша шығынды қажет етпейді. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Ақылы қызмет ғылыми жұмыстар жүргізу, мектеп оқушыларының қатысуымен өтетін сабақтарға қатысы жоқ. Өзіміздегі заңды тұлғалар, шетелдік азаматтардан келген сұраныстарға қатысты. Түскен табыс архив қызметкерлерінің жалақысын көтеру, нысанның өзге де қажеттіліктеріне жұмсалады. 

Айгүл Нұркина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заң жобасының негізгі жаңалықтарының бірі - архив саласына замануи, цифрлы технологияларды енгізу ерекше мән берілгені туралы айтқым келеді. Бұл жас мамандардың архив құжаттар сияқты бірегей ақпараттық ресурспен жұмыс жасауға қызығушылықтарын арттыра түседі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы