384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенаторлар БҰҰ субөңірлік бөлімшесіне арналған келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

  • 421
Сенаторлар БҰҰ субөңірлік бөлімшесіне арналған келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

Сенат «ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Солтүстік және Орталық Азия үшін субөңірлік бөлімшеге арналған әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын талқылады.

Жоғарғы палатаның Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында қаралған құжат бірауыздан мақұлданды.

Сыртқы істер министрлігі ұсынған келісім 2013 жылы Алматы қаласында ресми түрде ашылған субөңірлік бөлімшенің жұмысын толық қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қазақстанның жыл сайынғы төлемдерін «ерікті» жарналардан «міндетті» жарналар санатына ауыстыруға және бөлімшеден бөлінетін қаражат туралы жылдық есеп алып тұруға мүмкіндік береді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, комитет төрайымы:

- ҚР Заң жобасы бойынша баяндаманы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ашықбаев Ержан жасайды.

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Әкімшілік және қаржылық келісімдерге сәйкес, қазақстандық тарап Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының кеңселік үй-жайын ұсынады. Аймағы 270 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Қазіргі кезде бөлімше Алматы қаласында, Амангелді 68 мекенжайы бойынша бөлек тұратын ғимаратта орналасқан. Сондай-ақ жыл сайын 100 мың АҚШ доллар көлеміндегі қаржыны кеңсені пайдалану мен бағдарламалық қызметіне бөледі.

Хабар 24 телеарнасы