387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


В.Платонов: Тәуелсіздік – ең қымбат қазына

  • 524
  • UPD: 23:34, 15.12.2018

27 жылда Қазақстан тұрақты дамыған мемлекетке айналып, аз уақытта біртұтас құқықтық қоғам құрып үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Мәскеу қалалық думасының депутаты Владимир Платонов осылай дейді. Саясаткер Мәскеу сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Қазақстан кәсіпкерлері арасындағы байланыс та жылдан-жылға нығайып келе жатқанын айтады. 

Владимир Платонов, Мәскеу сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті:

- Тәуелсіздік – ең қымбат қазына. Қазақстан егемендік алғалы бірқатар жетістікке қол жеткізді. Ресеймен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, дербес, тәуелсіз мемлекет болды. Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Нұрсұлтан Назарбаевтың халқы үшін атқарып жатқан ерен еңбегі әр уақытта да жоғары бағаға ие.

Хабар 24 телеарнасы