378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша БҰҰ-ның достар тобына қосылды

  • 247
  • UPD: 16:44, 26.02.2019
Еліміз денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша БҰҰ-ның достар тобына қосылды

Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша БҰҰ-ның достар тобына қосылды. Бұл ұйым алғашқы медициналық-санитарлық көмек мәселелеріне үлкен көңіл бөлмек. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем халықының жартысы негізгі медициналық-санитарлық қызметтермен қамтылмаған. Биыл денсаулық сақтау бойынша БҰҰ достар тобын Жапония басқарады. Маусым айында осы елде Джи-20 ұйымының саммиті өтеді. Саяси мәселелермен қатар «Үлкен жиырмалыққа» мүше елдер денсаулық сақтау қызметтерімен бүкіл әлемді қамту сауалын да қарастырмақ.

Тошия Хошино, БҰҰ жанындағы Жапония тұрақты өкілінің орынбасары:

- Жапония алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бойынша БҰҰ достар тобында төрағалық етіп отыр. Біз шағын топтан бастап едік, ал қазір құрамамызда 40 мемлекет бар. Қазақстан қатарымызға қосылып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке үлкен көңіл бөліп жүргеніне ризамыз. Тобымыздың қазіргі мақсаты биыл қыркүйекте өтетін конференцияны табысты өткізу болып отыр. Бұл басқосу денсаулық сақтау қызметтерімен бүкіл әлемді қамту мәселесіне арналады.

Хабар 24 телеарнасы