378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан ТМД-ға мүше елдер арасында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

  • 128
  • UPD: 23:41, 05.04.2019

Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжілісте маңызды халықаралық және аймақтық мәселелер талқыланып, ғылыми-зерттеу және гуманитарлық салалар бойынша бірақатар маңызды шешімдер қабылданды. Бейбіт Атамқұлов Қазақстан ТМД-ға мүше елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтты. Делегация басшылары сыртқы саяси мекемелері арасында серіктестікті бәсеңдетпеуге арналған іс-әрекеттер бағдарламасын қарастырып, ақпаратық қауіпсіздік мәселелерін талқыға салды. Сондай-ақ іргелі зерттеулер саласында мемлекетаралық қатынастарды үйлестіру және мұражай саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халықаралық келісімдер жобаларын мақұлдады. Сондай-ақ осы жиында Отан соғысы кезінде қаза болғандардың зираттары мен ескерткіштерін сақтау және қорғауға алу жөнінде үндеу қабылданды.  

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі: 

- 2019 жылға арналған мекемеаралық кеңесулер жоспарын бекіттік, сондай-ақ былтырғы жоспарларымызды табысты орындағанымызды сөз еттік. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына байланысты мәлімдеме жобасы бойынша келістік. Ол мемлекет басшыларының қарауына шығарылады. Келесі жылы ТМД елдерінің өзара ынтымақтастығының маңызды тұстарының бірі Жеңістің 75 жылдығын атап өту болмақ.

Хабар 24 телеарнасы