377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА мүшесі: Президенттік сайлау тарихи қажеттіліктен туып отыр

  • 116
  • UPD: 18:08, 10.04.2019

Халық сайлаған басшының беделі биік болады. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Әміржан Әлпейісовтің пікірі.

Оның айтуынша, президенттік сайлау тарихи қажеттіліктен туып отыр. Әрі ассамблея мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу жөніндегі шешімін қолдайтындығын жеткізді.

Әміржан Әлпейісов, ҚХА мүшесі:

– Президенттің құзыры қашан да биік. Сондықтан болайын деп жатқан сайлау тарихи қажеттіліктен туған. Сайлауда Қазақстан халқы өзінің бірлігін көрсетіп, тарихи миссиясын орындайды.

Хабар 24 телеарнасы