378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент Шри-Ланкада бірнеше жарылыс салдарынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

  • 223
  • UPD: 14:30, 21.04.2019
Президент Шри-Ланкада бірнеше жарылыс салдарынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкада болған бірнеше лаңкестік кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

Бұл туралы Президент твиттер парақшасында жариялады.

«Шри-Ланкада жантүршігерлік оқиға болды. Шіркеулер мен қонақүйлерде болған бірнеше жарылыстан 160-тан астам адам қаза тапты. Мен олардың жақындарына көңіл айтамын. Терроризмнің шегі жоқ. Әлемдік қоғамдастық лаңкестікке қарсы күш-жігерді біріктіруі керек», – деді Қасым Жомарт Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы