378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенттігіне үміткер ретінде тіркелген А.Таспихов лингвистикалық сынақтан өтті

  • 172
  • UPD: 15:39, 26.04.2019

ҚР Президенттігіне үміткер ретінде тіркелген Амангелді Таспихов мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

«ҚР кәсіподақтар федерациясы» қоғамдық бірлестігі атынан қатысып отырған ол лингвистикалық емтихан барысында «Менің елім» тақырыбында шығарма жазды. Қадыр Мырза-Әлінің туындыларынан үзінді оқып, «Тіл тағдыры  - ел тағдыры» тақырыбында ой-пікірін ортаға салды. Емтихан тапсырушы өзіне берілген уақытты тиімді пайдаланған. Еске салайық, Амангелді Таспихов бұған дейін ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінде депутат болған.

Әділ Ахметов, лингвистикалық комиссия мүшесі:

- Комиссияның бәрі бірауыздан пікірлері бір-біріне ұқсас болды. Таспихов мырза мемлекеттік ұлттық техникалық институтты бітірген инженер болса да, тілі жатық, барлық тапсырмалар бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген біздер шешім шығардық.

Хабар 24 телеарнасы