378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Талдықорғандағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

  • 185
  • UPD: 15:33, 02.05.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

2017 жылы іске қосылған орталық енді бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істемек. Яғни, кәсіпкерге қажет барлық мемлекеттік әрі қаржылық құрылымдар осы орталықта орналасады. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мұндай орталықтарды енді облыс аймақтарында да ашуды жоспарлап отыр. Бұл ауылдағы ағайын үшін өте ыңғайлы. Қазір Алматы облысында 115 мыңнан астам кәсіпкер бар.

Талдықорғанда Мемлекет басшысы барған келесі нысан «Қайнар» аккумулятор зауыты болды. Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс барысымен танысып, зауыт жұмыскерлерімен жүздесті. Қазақстан көлемінде бұл зауыттың теңдесі жоқ. Кәсіпорын жылына 3 млн дана көлік аккумуляторларын өндіреді. Зауыт ішкі нарықты түгел қамтып, қалғанын алыс-жақын шет елдерге экспорттап отыр.

Хабар 24 телеарнасы