378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық бірлестікке сайлауға қатысты 300-ден аса сұрақ келіп түскен

  • 145
  • UPD: 15:28, 10.05.2019
Қоғамдық бірлестікке сайлауға қатысты 300-ден аса сұрақ келіп түскен

«Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігіне тек соңғы күндердің өзінде сайлауға қатысты 300-ден аса сұрақ келіп түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлаушыларды әсіресе байқаушылардың жұмысы, дебаттардың өту тәртібі сияқты жайттар мен «заңсыздықтарға жол беріле қалған жағдайда қайда хабарласу қажет?» деген сауалдарға жауап іздейді. Сала мамандарының айтуынша, бұл – қалыпты құбылыс. Елдің әрбір азаматы өзінің құқығын жақсы білген жағдайда сайлау конституциялық талаптарға сай жоғары деңгейде өтеді. Заңгерлер: «жұртшылыққа құқықтық кеңес беруге дайынбыз», – дейді. Бұл саяси науқанның әділ, ашық өтуіне сеп болмақ.

Серік Ақылбай, «Қазақстанның заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Біздің негізгі мақсатымыз – конституцияның нормаларын, конституциялық заңның нормаларын халыққа, яғни сайлаушыларға түсіндіру. Іс жүзінде консультация. Біз ешкімнің шашбауын көтермейміз. Біз бейтараппыз. Бірақ негізгі мақсатымыз – сайлаушылардың құқығын қорғау.

Хабар 24 телеарнасы