378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау-2019: журналистерге құқықтары мен міндеттері түсіндірілді

  • 171
  • UPD: 23:48, 11.05.2019

Журналистерге алдағы саяси науқан кезіндегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тегін тренинг «Аманат» атты сайлауға қоғамдық мониторинг жүргізетін азаматтық платформаның алаңында өтті. Медиа заңгерлер тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, құқықтарын баяндады. Ең бастысы дұрыс, сенімді ақпарат таратып, заңға сілтеме жасау қажеттігі айтылды. БАҚ туралы заң егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Маржан Аспандиярова, құқық қорғаушы:

- Журналиске редакциялық тапсырма берілсе және талап етілетін тиісті құжаттары болса, ол сайлаудың барлық сатысындағы процеске қатыса алады. Дайындықтан бастап, дауыс беру кезін де түсіріп, көрсетуге мүмкіндігі бар. Қажетті ақпарат алуға заң жүзінде құқылы.

Хабар 24 телеарнасы