389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысына ТМД елдерінен 11 байқаушы келеді

  • 227
  • UPD: 14:02, 04.06.2019

Осы аптада Маңғыстау облысына ТМД елдерінен 11 байқаушы келеді.

Астрахань, Ростов облыстары мен Татарстан азаматтары 9-ыншы маусым күні өтетін Президент сайлауын қадағалайды. Қазір аймақта бұдан өзге Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының 2 өкілі жұмыс істеуде. Облыс аумағында тұрғындарды өз таңдауын жасау үшін саяси шараға қатысуға шақыратын 47 ақпараттық билборд ілінді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 208 орын белгіленді. Арнайы кабиналар көзі көрмейтіндер мен құлағы нашар еститіндерге арналған құралдармен жабдықталған. Дәл сайлау күні 223 стационарлық және 446 жылжымалы жәшік жұмылдырылатын болады.

Асқар Рзаханов, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының басшысы:

- Шекара бекеттерінде болатын біздің әскери бөлімдердің азаматтары бар, олардың да дауыс беру жағдайын ойластырудамыз. Алыстағы шекара бекеттерінде жатқан азаматтардың, әскери бөлімдердің басшылары өздерінің көмек қолдарын созып отыр. Былайша айтсақ, екі тікұшақ Құлалы аралында орналасқан шекара бекетіне барады немесе Түрікменстан шекарасындағы бекетке барып, дауыс беруін қамтамасыз етеді деп ойластырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы