384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК мүшелері халықаралық байқаушылармен кездесті

  • 460
  • UPD: 23:25, 07.06.2019

Бүгін осы Орталық сайлау комиссиясының басшылары халықаралық байқаушылармен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы саяси науқанды бақылауға бүгін елордаға Америка Құрама Штаттарынан 4 адам келді. Олар комиссия төрағасының орынбасары Константин Петровпен жүздесіп, сайлауға дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде екеніне көз жеткізгендерін айтты. Сондай-ақ комиссия мүшелері түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясы атынан және Қытайдан келген байқаушыларды қабылдады.

Чжан Сиюнь, халықаралық байқаушы /Қытай/:

- Қазір сайлауға қызу дайындық жүріп жатқанын көріп отырмыз. Бұл орайда ешбір кемшілік байқамадық. Ертеңнен бастап сайлау учаскелерін араламақ ойымыз бар. Алдағы саяси науқан заң шеңберінде өтеді деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы