378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға ҰҚКҰ Парламенттік Ассамблеясынан байқаушылар келді

  • 152
  • UPD: 13:49, 08.06.2019

Кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында кешелі бері елімізге халықаралық байқаушылар тобы келіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы сағаттарда елордаға Ұжымдық Қауіпсіздік шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының өкілдері де келді. Топ үйлестірушісі – Ресей Федерациясының Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Сергей Неверов. Сондай-ақ топ құрамында Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің жоғары заң шығарушы органдарының өкілдері де бар. Олар Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткерлер штабының өкілдерімен кездеседі. Ал ертең сайлау күні байқаушылар тобы бас шаһар мен Алматы қаласында дауыс беру науқанына мониторинг жүргізіп, сайлау қорытындысына баға береді.

Анатолий Выборный, РФ федералдық жиналысы мемлекеттік думаның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қауіпсіздігі комитетінің мүшесі:

– Қазақстанның заңнамалық актілерін жіті зерттедік. Барлық норма халықаралық талаптарға сай келеді деп айта аламын. Бәрі ойдағыдай болады деп үміттенеміз. Біз үшін науқанның әділ және халықаралық ережеге сай болғаны маңызды.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшелері шетелдік әріптестерімен кездесті. Оның ішінде Өзбекстан республикасының өкілдері де бар. Мәселен, ала шапан ағайынды елден 54 делегат жөнелтілген. Бір топ байқаушыны Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің депутаты Нұрия Айтжанова бастап келді.

Нұрия Айтжанова, Өзбекстан республикасынан келген байқаушы:

– Кейінгі екі ай ішінде сайлауды өткізу жағдайында істелген жұмыстарға жоғары баға бере отырып, заңда белгіленген ақпарат құралдарына шығуда, оларды халықпен ұштасыуында, бәріне теңдей мүмкіндік берілген. Біріншіден олардың кездесулерін өткізу үшін мемлекет жағынан, қаржы жағынан теңдей қолдау жасалғанын көрдік. Ертеңгі сайлау жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймыз, себебі халық оған дайын.

Хабар 24 телеарнасы