378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрік ғалымы: Қазақстан түбі бір түркі жұртында жаңа саяси мәдениетті бастатты

  • 162
  • UPD: 11:07, 10.06.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату шешімі және елде президенттік сайлаудың өтуі Орталық Азия елдері, сондай-ақ түркітілдес мемлекеттер үшін үлгі болып отыр.

Түркиялық ғалым Тоғрұл Измаил осындай пікірде. Оның айтуынша, еліміздегі сайлау - түбі бір түркі жұртында жаңа саяси мәдениетті бастатты. Және ол қазақстандықтардың сайлауға қатысуда жоғарғы деңгейде белсенділік танытатындығына сенімді.

Тоғрұл Исмаил, саяси сарапшы:

Менің ойымша, қазақстандықтар сайлау арқылы төрткүл дүниеге демократияға қаншалықты дайын екендігін тағы бір рет көрсетті. Бұл Қазақстан үшін жаңа үдеріс. Сондай-ақ саяси додаға қатысушылардың ішінде әйел үміткердің болуы да, гендерлік тепе-теңдіктің айқын көрінісі. Оған бәріміз куәміз.

Хабар 24 телеарнасы