378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандық саясаттанушы: Бірлесіп атқаратын жұмыстарымыз өте көп

  • 74
  • UPD: 10:56, 10.06.2019
Өзбекстандық саясаттанушы: Бірлесіп атқаратын жұмыстарымыз өте көп

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы елдің саяси сахнадағы беделін арттырады.

Өйткені қарапайым халық ұлт тізгінін ұстар болашақ тұлғаны өздері таңдайды. Бұл ұлы дала еліндегі демокартиялық үрдістің қалыптасқанын көрсетеді, - дейді өзбекстандық саясаттанушы. Соңғы жылдары екі ел арасындағы экономикалық байланыстың әлде қайда артқаны байқалады. Бірлескен ірі кәсіпорындар ашылып бірқатар жобалар қолға алынды. Жаңа басшы сол жобаны жалғаса, ұрпақтар сабақтастығы бұдан әрі жақсарады, дейді көрші елдің сарапшылары.

Борис Бабаев, журналист:

- Менің ойымша, Қазақстан мен Өзбекстан арасында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңі келді. Бұл үрдіс жалғасып жатыр. Бұл өзбек халқы мен көрші қазақ елі үшін қажет. Өйткені бірлесіп атқаратын жұмыстарымыз өте көп.

Хабар 24 телеарнасы