383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Халықаралық еңбек конференциясының сессиясына қатысты

  • 150
Қазақстан Халықаралық еңбек конференциясының сессиясына қатысты

Женевада Халықаралық еңбек конференциясының 108-сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл бұл беделді ұйым өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Сессия жұмысына Қазақстан үкіметі, жұмыс берушілер ұйымдары мен кәсіподақ өкілдері қатысып отыр. Пленарлық мәжілісте баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмади Сарбасов өз саласында атқарылып жатқан ілкімді істерге жан-жақты тоқталды. Ол еңбек нарығына әсер етуі мүмкін жаһандық сын-қатерлер жайлы да айтты. Конференция аясында Халықаралық әлеуметтік қамту қауымдастығының Бас хатшысы Марсело Аби-Рамия Каэтаномен келіссөздер өткен. Оның нәтижесі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ұйыммен өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Ақмади Сарбасов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары

– Халықаралық әлеуметтік қамту қауымдастығы бізге ұсынатын құралдардың көмегімен бүкіл ел бойынша және жеке кәсіпорындар деңгейінде тиімді еңбек қауіпсіздігі қызметтерін құруға бағытталған шараларды жүзеге асырады. Бұл нақты кәсіпорындарда өндірістік жарақаттарды болдырмауға сеп болмақ. Келесі аптада үкімет алдағы бес жылда қауіпсіз еңбек жағдайын жасау бойынша жол картасын қабылдайды деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы