384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бас қаласы дипломатияның астанасына айналды – А.Торкунов

  • 168
  • UPD: 22:08, 08.07.2019

Нұр-Сұлтан қаласының бүгінде әлемдік дипломатия астанасына айналғаны сөзсіз. Бұл Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновтың пікірі.

Анатолий Торкунов, ММХҚИ ректоры:

- Нұр-Сұлтан тамаша қала. Ол көрікті де әсем шаһар. Онда өзіңді жайлы сезінесің. Қаланың бой көтеруіне атсалысқан қазақстандық достар мұнда өзіңді үйдегідей сезінетіндей жағдай жасай білген. Мен барлық қазақ жұртын елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл шаһар әрдайым қазақ елінің, тіпті Орталық Азияның да шамшырағы боларына сенімдімін. Сондай-ақ әлемдік дипломатия астанасы болып қала беретіні де сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы