384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин Тәжікстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді

  • 115
  • UPD: 17:35, 12.07.2019

Премьер-министр Асқар Мамин Тәжікстанға ресми сапары кезінде осы ел Президенті Эмомали Рахмонмен және министрлер қабинетінің басшысы Кохир Расулзодамен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Қазақстан Тәжікстанның тауарайналымы жөнінен негізгі әріптесінің бір  саналады. Алдағы 3-4 жылда екі ел арасындағы тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізу жоспарда. Асқар Маминнің ресми сапары кезінде қазақ-тәжік қарым-қатынасын нығайту бойынша құны 80 млн доллар болатын 11 құжатқа қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы