386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қордағы активтің бір бөлігі алтынмен алмастырылатын болды

  • 114
  • UPD: 22:12, 07.08.2019
Ұлттық қордағы активтің бір бөлігі алтынмен алмастырылатын болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық қор активтерін диверсификациялау саясатына өзгеріс әкелетін Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы президент твиттерде былай деп жазды: «2 тамыздағы Жарлығыма сәйкес Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Енді Ұлттық қордың жинақтаушы активтеріндегі алтынның үлесі 5%-ға дейін жетеді. Бұл Ұлттық қордың әлеуетін сақтап, қорғау үшін қажет».

Еске сала кетсек, 2 тамызда Мемлекет басшысы 2016 жылы 8 желтоқсанда жарияланған № 385 ҚР Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына түзетулер мен өзгеріс енгізетін Жарлыққа қол қойды.

Сөйтіп «Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі принциптері мен тәсілдері» бөліміне өзгерістер енгізілді.

«5.3. Ұлттық қордың активтерін басқару» деген тарауының сегізінші бөлімі былай деп өзгертіледі:

«Жинақ портфеліндегі активтерді стратегиялық бөлу активтерді әртараптандыруды жалғастыруға бағытталған және консервативті бөлуден (акциядағы 20% облигациялардағы 80%) теңдестірілген таратуға (облигациялардың 60%, акциялардың 30%, балама құралдардың 5% -на дейін және алтынның 5% дейін) өтуді көздейді. Ол ұзақмерзімді кірісті арттыруға бағытталады.

Тұжырымдаманың алдыңғы нұсқасы активтерді келесі акцияларға теңгерімді бөлуді қарастырды: 60% облигация, 35% акция және 5% балама құралдар.

Елорда Инфо

Хабар 24 телеарнасы